Қабылдау бөлмесі: 8 (7212) 41-54-53
Күтушінің бөлмесі: 8 (7212) 44-55-15
Регистр: 8 (7212) 44-51-74

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясы жою, операция және кардиология - кардиохирургиялық, кейде жүрек-қан тамырлары хирургиясы деп аталады. Атап айтқанда, кардиохирургия миокард инфарктісін дамыту болдырмау үшін жүректің ишемиялық ауруы емдеу ең тиімді тәсілі болып табылады.
Магзумов Арыстан Газизович

Сенім телефондары

 

 

  1. Жалпы ережелер 

1.1Ақылы медициналық қызмет көрсетулер туралы осы ереже «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы медициналық қызмет көрсетудің реті мен шартын анықтайды.

1.2Ақылы медициналық қызмет көрсету Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және тұрғылықты жеріне қатысықсыз азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – пациенттер) көрсетіледі.

1.3Ақылы қызмет көрсетуді ұйымдастырудың негізгі мақсаты халықтың тегін медициналық көмектің кепілді көлемінен артық көрсетілетін түрлі медициналық көмекке қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

1.4 05.12.2018 жылғы №18021876, 05.12.2018 жылғы №18021881 Медициналық қызметке мемлекеттік лицензияға сәйкес "Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы"ММ берілген.

1.5Ақылы медициналық қызмет көрсетулерді реттейтін нормативті-құқықтық актілер:

-  Қазақстан Республикасының Конституциясы;

-  «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасыны

2020ғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексі (2021.24.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

  - 01.03.2011ж. «Мемлекеттік мүмлік туралы» Заңы № 413-IV;

  - Денсаулық сақтау субъектілерінің ақылы қызметтер көрсету қағидаларын және ақылы медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) ұсыну жөніндегі шарттың үлгілік нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 29 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығы

  - Кәсіпорын Жарғысы

  - Медициналық қызмет көрсету құқығына мемлекеттік лицензия, оның қосымшалары.

1.6     Осы Ереженің әсері «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы медициналық қызмет көрсетуде қатысатын барлық бөлімшелеріне қатысты.

1.7Көрсетілетін ақылы медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы территориясында рұқсат етілген емдеу және алдын алу әдістерінен талап етілетін шарттарға сәйкес болуы тиіс.

1.8«Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК халыққа заңдылық тұрғысындағы тәртіпте келген сәтінен бастап уақтылы және сапалы ақылы медициналық қызмет көрсетуге жауапты.

 

  1. «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің тізімі.

  

2.1«Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы негізде көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің тізімі прейскурантта көрсетілген.

2.2Ақылы медициналық қызмет көрсетудің бағалары медициналық сервистік қызмет көрсету және басқа қосымша шығыстармен байланысты шығындардың барлық түрлерін есепке алғанда Қазақстан Республикасының заңдылығымен сәйкес анықталады және жартыжылдықта бір реттен жиі емес қаралуы мүмкін.

2.3 Ақылы медициналық қызмет көрсетудің бағалары ТМКМК бюджеттік бағдарламалар басқарушысымен белгіленетін ұқсас медициналық қызмет көрсету тарифінен төмен емес деңгейде белгіленеді.

 

  1. Бюджеттік қаражаттар есебінен ТМКМК аясында «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК көрсетілетін медициналық қызмет көрсетулер тізімі

 

3.1Берілген лицензияға сәйкес «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК келесі түрлері бойынша медициналық іс-әрекеттерге құқылы:

3.1.1Тұрғындарға мамандырылған, кеңес беру-диагностикалық, білікті, шұғыл медициналық көмек көрсету:

  • Шұғыл медициналық көмек
  • Диагностика:

     а) Зертханалық диагностика:

  • Биохимиялық зерттеулер;
  • Жалпыклиникалық зерттеулер;
  • Серологиялық

б) Рентгенологияпық диагностика;

в) Ультрадыбыстық диагностика;

г) Функциональды диагностика;

д) Плазмоферез

  • Тұрғындар аибулаториялы-емханалық, стационарлық медициналық көмек көрсету келесі мамандықтар бойынша:
  • Анестезиалогия мен реаниматология;
  • диетология;
  • массаж;
    • Терапия :
    • кардиология;
    • ревматология;
  • Физиотерапия;
  • Хирургия:
    • ангиохирургия;
    • кардиохирургия;
    • микрохирургия;
  • Сараптама медициналық қызмет:
    • емдеу-сауықтыру қызметінің сараптамасы;
    • еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
      • Кеңес беру-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
      • Операциядан соң науқастардың денсаулығын қайта қалыпқа келтіріп, емдеу, ауруханаға жатқызу.

3.2Ересектерге және балаларға поликлиника-амбулаториялық медициналық көмек көрсету:

3.2.1Терапевтік кардиология;

3.2.2Хирургиялық ангиохирургия, кардиохирургия.

3.3Стационарлық көмек қалыбындағы ТМКМК Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментімен бекітілген, аяқталған жағдайлардың жоспарлы көлемінің аясында халыққа дереу, білікті және жоғары мамандандырылған, мамандандырылған медициналық көмек түрінде беріледі.

3.4 ТМКМК жоспарлы көрсеткіштер бойынша пациентті басқа медициналық мекемеге ауыстырғанда стационарлық көмек көрсететін медициналық мекеменің, АМСК (ПМСП) маманын жіберуімен, сонымен қатар өкілетті органмен анықталатын тәртіпте құрылатын жоғары мамандандырылған медициналық көмек бойынша комиссиялармен анықталады.

3.5Шұғыл жағдайда ТМКМК жолдамасыз да көрсетіледі.

3.6 Мамандандырылған медициналық көмекті мына мамандар көрсетеді:

  • Терапевтік сала бойынша кардиологияны қоса алғанда, кардиоревматология, ревматаолгия, терапия;
  • Хирургиялық сала бойынша анестезиология және реаниматология, қантамыр хирургиясы, кардиохирургия;
  • Педиатрлік сала бойынша балалар кардиоревматологиясын қоса алғанда, балалар анестезиологиясы және реаниматология, балалар қантамыр хирургиясы, балалар хирургиясы.

3.7Жоғары мамандандырылған медициналық көмек уәкілетті орган бекіткен тізім бойынша көрсетіледі.

3.8ТМКМК тізіміндегі көрсетілетін стационарлық көмек түріне диагностикалық және емдеу қызметтері жатады.

3.8.1Диагностикалық қызметке мыналар жатады:

  • тексеру, мамандардың кеңесі;
  • барлық санаттағы азаматтарға жоспарлы ауруханаға жатқызу және қымбат емдеу түрінен басқа жағдайда медициналық көрсеткіштері бойынша зертханалық және құрал-жабдықтары арқылы тексеру.

3.8.2Емдеу қызметіне жататындар:

  • медициналық көрсеткіш бойынша емдеу манипулияциясы;
  • медициналық көрсеткіш бойынша уәкілетті орган бекіткен тізімге сәйкес негізгі (өмірге қажетті) дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
  • медициналық көрсеткіш бойынша қан компаненттерімен және препараттармен қамтамасыз ету;
  • емдік ас

3.9Стационарлық көмек формасындағы ТМКМК көрсету қосымша сервистік қызметсіз (теледидар, телефон, асқа тапсырыс беру және т.б.) уәкілетті орган бекіткен стандартқа сәйкес мына құжаттар болған жағдайда жүзеге асады.

  • ауруханаға жатуға жолдама (жоспарлы ауруханаға жатқызуда);
  • жоспарлы ауруханаға жатқызуда жеке басын куәландыратын құжат немесе оны алмастыратын құжат;
  • медициналық көрсеткіштер (үздіксіз медициналық бақылау қажет болғанда);
  • жоспарлы ауруханаға жатқызу кезінде талап етілетін тексеру диагностика және емдеу хаттамаларына сәйкес.

3.10 Амбулаториялы-емханалық көмек түрінде көрсетілетін ТМКМК тізімі;

1). Амбулаториялы-емханалық көмек түрінде жүзеге асатын ТМКМК азаматтарға мамандандырылған медициналық көмек түрінде көрсетіледі.

2). Мамандандырылған медициналық көмек АМСК мамандарының жолдамасы бойынша көрсетіледі.

3). Амбулаториялы-емханалық көмек түрінде көрсетілетін ТМКМК тізіміне уәкілетті орын бекіткен диагностика және емдеу стандартына сәйкес профилактикалық, диагностикалық және емдік қызметтер жатады.

4). Профилактикалық қызметке жататындар:

  • салауатты өмір салтын қалыптастыру шаралары, негізгі ауру кезінде қауіпті факторларды болдырмау профилактикасын қоса алғанда;
  • отбасын жоспарлау және денсаулықты қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізу.

          5). Диагностикалық қызметке жататындар:

            Ауру бойынша дәрігерге қаралу;

  • АМСК маманының жолдамасы бойынша салалық маманның қарауы;
  • “ Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы ” КМК салалық мамандарының жолдамасы бойынша барлық санаттағы азаматтарға қымбат тексерулерді қоспағанда медициналық көрсеткіш бойынша құралдармен тексеру;
  • “ Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы ” КМК салалық мамандарының жолдамасы бойынша әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобына және әлеуметтік-қауіпті аурулармен ауырған науқастарға медициналық көрсеткіш бойынша қымбат тұратын тексерулер жүргізу.

6). Емдік қызметке жататындар;

  • науқастың аса қиын жағдайда шығуына дейін және жедел медициналық көмек көрсету тобының келуіне дейін шұғыл медициналық көмек көрсету.

 

4. Ақылы медициналық қызмет көрсететін медициналық

 қызметкерлердің санаты туралы мәлімет

 

4.1Орталықтың медициналық көмектің ТМККК кірмейтін түрлерін көрсету бойынша ТМККК шарттың міндеттерін орындалуын қамтамасыз ету үшін материалдық-техникалық базасы, кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімді  және практикалық  дағдысы бар дәрігерлерден, медбикелерден, төменгі медициналық жұмыскерлерден құрылған тұрақты ұжымы бар.

4.2Медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етуді жүзеге асыратын дәрігерлер ұжымы: біліктілік санаты бар дәрігерлер 55-75%; медбикелер: орта медициналық жұмыскерлердің 145-64% біліктілік санаты бар, төменгі медициналық жұмыскерлер мен әкімшілік-шаруашылық жұмыскерлерінің кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімді  және практикалық  дағдысы бар.

4.3Ақылы медициналық қызмет көрсетуге Орталықтың барлық мамандары қатысады, қажет болған жағдайда басшы кеңес беру үшін басқа да адамдарды шақыртады.

4.4Ұйым мен тікелей қызмет көрсететін мамандарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілік жүктеледі;

  • - медициналық қызмет сапасыз көрсетілгенде;
  • - шарттың жағдайларын орындамағанда;
  • - емделушінің денсаулығы мен өміріне зиян келген жағдайда;
  • - көрсетілген қызметке артық ақы төленгенде;
  • - ТМККК кіретін қызмет түрлеріне ақы алғанда;
  • - кіріс алу мақсатында диагностикалық және емдік шараларды негізсіз тағайындаған жағдайлар медициналық қызметтің сапасын бақылайтын облыстағы мемелекеттік органдар жүргізген тексеріс барысында анықталған жағдайда.

 

  1. «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы медициналық қызмет көрсету жағдайы

      

5.1ТМККК кірмейтін медициналық қызмет мына шоттық есебінен төленеді:

  • тұрғындардың жеке қаржысынан;
  • жұмыс берушінің қаржысынан
  • ерікті медициналық сақтандыру жүйесінен;
  • ҚР заңнамаларында тыйым салынбаған басқа да қаржы көздерінен.

5.2Ақылы медициналық қызмет көрсету мына жағдайларда жүзеге асырылады:

1) жоспарлы диагностикалық және емдік қызметтерді науқастың бастамасы бойынша, оның ішінде алғашқы дәргерлік-санитарлық көмек көрсететін маманның және денсаулық сақтау ұйымының жолдамасы болмаған жағдайда жүзеге асырылады;

      2) медициналық көрсеткіш бойынша дәрілік заттармен емдеу кезінде Тізімге енгізілмеген негізгі (өмірге қажетті) дәрі-дәрмектер науқастың жазбаша келісімімен қолданылады;

      3) ТМКМК тізіміне енгізілмеген, мемлекеттік тапсырыстан тыс  қымбат тұратын медициналық тексерулер (коронография, тәуліктік мониторлау) кезінде;

      4) шетел және азаматтығы жоқ азаматтарға медициналық көмек көрсету кезінде;

      5) кәсіпорынмен келісім шартқа отырып, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру бойынша медициналық көмек көрсету кезінде;

      6)   қосымша стандарттан тыс облыстық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орын бекіткен сервистік қызмет көрсету кезінде;

            7)  басқа облыстың тұрғындарына медициналық көмек көрсету кезінде жүзеге асырылады.

5.3 Ақылы медициналық және сервистік қызмет көрсету тәртібі

1) Кәсіпорын азаматтарға тегін анықтаманы мына жағдайларда ұсынады:

  • Емдеу мекемесінің жұмыс тәртібі туралы;
  • ТМКМК сәйкес көрсетілетін тегін медициналық көмек туралы;
  • төлемақысы көрсетілген ақылы қызмет тізімі туралы;
  • ақылы қызмет көрсету жағдайы туралы т.б.

2) Ақылы медициналық қызмет көрсету емдеу құны, төлем тәртібі жағдайы көрсетілген, ауруханаға келу жағдайы мен ережесі, екі жақтың құқығы, міндеті және жауапкершілігі көрсетілген Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес рәсімделген келісім шарт арқылы жасалады.

3) Науқасқа көрсетілетін әрбір ТМКМК аясындағы ақылы медициналық қызмет, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Тізімге енгізілмеген негізгі (өмірге қажетті) дәрілік заттармен қамтамасыз ету медициналық құжаттарда (Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы) көрсетілуі тиіс.

4) Науқасты Тізімге енгізілмеген негізгі (өмірге қажетті) дәрілік заттармен қамтамасыз ету науқастың жазбаша келісімімен ақылы түрде жүзеге асырылады.

5) Науқасты ауруханаға жатқызу ақылы-сервистік (бөлмелер) түрде жүргізіледі.

6) Бюджет есебінен алынған медициналық құралдарды ақылы медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламасы әкімшілігінің келісімі бойынша кәсіпорын директорының бекіткен белгіленген уақытқа берілген кесте бойынша пайдалануға рұқсат етіледі.

7) Науқасты стационарлық емдеу ақысы оның ауру тарихында және бөлім меңгерушісінің (дәрігердің) орындалған жұмыстар туралы есебінде жазылады.          

Науқасты амбулаториялық емдеу ақысы амбулаториялық картаның негізінде жасалады.

8) Қызмет көрсетуге төленген азаматтардың жеке қаржылары кәсіпорынның кіріс кассалық ордері бойынша материалды жауапты тұлғалар арқылы кәсіпорын кассасына түседі, ал басқа төлемдер кәсіпорынның жеке шотына (ақылы қызметі бойынша) аударылады.

5.4 Науқастың құқығы мен міндеттері

  • Науқас:

- «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК жұмыс істейтін қызметкерлерден өзіне дәрігерді таңдауға;

  • емдеуші дәрігер мен бөлімше басшыларынан өзінің денсаулығы туралы, жүргізілген ем туралы, диагностика мен емнің көлемі туралы ақпарат алуға;
  • денсаулық сақтау басқармасы органына, көрсетілген медициналық қызметтің сапасына бақылау бойынша органға баруға, дәрігерлік тағайындаулардың нақтылығына сараптама жасауға,
  • медициналық қызмет көрсетуге кеткен шығындар туралы ақпарат алуға;
  • оған медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлердің біліктілігі туралы ақпарат алуға;
  • осы қаулы да қаралған жеңілдіктерді алуға құқылы.
  • Науқас:
    • ішкі (ауруханалық тәртіпті, ұйымның жұмыс тәртібін сақтауға;
    • дәрігердің тағайындауларын орындауға;
    • өзінің ауруы туралы, сыртқы орта үшін қауіпті ақпаратты хабарлауға;
    • келісім шарттың жағдайларын сақтауға;
    • көрсетілген қызметке ақыны дер кезінде төлеуге міндетті.

 

  1. Жеке санаттағы азаматтарға арналған жеңілдіктер туралы мәліметтер

 

6.1Тегін кепілді көлемдегі медициналық көмекке кірмейтін медициналық қызметтер мына санаттағы адамдарға келесі % көлемінде жеңілдікпен көрсетіледі:

            а) 50% көлемде:

  • I, II, III топтағы мүгедектер, бала жасынан мүгедектер,
  • “Алтын алқа”, “Күміс алқамен” марапатталған көп балалы аналар,
  • ауған соғысына қатысушылар;
  • Чернобыль апатында АЖ салдарынан көшірілген адамдар
  • ҰОС қатысушыларына және мүгедектер
  • тыл ардагерлер

           

 

  1. «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» КМК ақылы қызмет көрсету есебі

 

7.1 Науқастармен қолма-қол есеп айрысу «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК  кассасында бақылау кассалық машина арқылы және науқасқа бақылау чегін беру арқылы ал, басқа төлемдер ұйымның ағымдық шотына ақша аударумен жүзеге асырылады.

7.2Ақылы түрде медициналық көмек алған науқастарға кәсіпорын мыналарды ұсынады:

  • Амбулаториялы-емханалық жағдайда медициналық көмек көрсететін медициналық қызметкерлермен келісім жасау;
  • Стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету кезінде ауру тарихынан ауруханадан шығарылуы туралы анықтама беру;
  • Көрсетілген медициналық көмекке жіберілген шығын туралы ақпарат беру.

7.3Науқасқа төленген соманы қайтару немесе соманың жартысы мен көрсетілген қызметтің құны арасындағы артық ақшаны қайтару мына жағдайларда жүргізіледі:

- көрсетілетін қызмет көлемі толық жүргізілмеген кезде (науқастың қызметтен бас тартқан жағдайда, егер науқасқа жеке ем шаралар қолдануға болмайтын жағдайда, егер медициналық көмек реактивтің болмауынан, медициналық аппараттың істен шыққан жағдайда, маманның болмауынан және т.б.

 

  1. Ақылы медициналық қызмет көрсету бойынша есеп жүргізу мен есеп беру тәртібі

 

8.1Ақылы қызмет көрсету бойынша медициналық құжаттар денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен формаға сәйкес болуы тиіс (медициналық, статистикалық, қаржылық құжаттар жүргізіледі).

8.2Денсаулық сақтау саласындағы ұйымдармен есеп жүргізу мен бухгалтерлік есеп беру ТМКМК және ақылы медициналық қызмет көрсету бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен есепке сәйкес жеке жасалады. 

8.3Көрсетілген ақылы медициналық көмек бойынша статистикалық есеп және есеп беру құжаттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен форма бойынша жүзеге асырылады.

8.4Ақылы медициналық қызмет көрсетудің есебі оның орындалуы туралы ұсыныспен бірге статистика бөлімінде ұсынылады.

8.5Қаржылық құжаттар толтырылуы мен есебінің берілуіне «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК бас бухгалтері жауапты болып табылады.

8.6Медициналық және статистикалық есеп жүргізуге директордың емдеу ісі бойынша орынбасары жауапты.

8.7Ақылы қызмет көрсету сметасын уәкілетті орган бекітеді.

 

 

  1. Ақылы негізде көрсетілетін медициналық көмекке басшының жауапкершілігі

 

  1. «Қарағанды қаласының № 2 көпбейінді ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директоры көрсетілген қызметтің сапасына, көрсетілген қызметке алынған ақының дұрыстығына және жалпы тағайындау бойынша ақылы қызметтің қаржысын дұрыс пайдалануға жауапты болып табылады.